Қабылдау бөлмесі:
8 (7132 )44-61-05

Ақтөбе қаласы білім басқармасының "№31 қазақ орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Жамбыл көшесі, 102-үй

Ақтөбе қаласы білім басқармасының "№31 қазақ орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі

Хабарландыру

Хабарландыру 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 (білім Министрінің бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123, ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығы) бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес №31 қазақ орта мектебі» КММ 2025-2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

«№31 қазақ орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Жамбыл көшесі, 102 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Электронды мекен-жайы:e-mail mektep31-31@yandex.kz байланыс телефоны: 8(7132) 44-61-05

 

            Қамқоршылық кеңес -заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. 

            Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

1)білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;

3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  

4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

 

            Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;   

2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;  

3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;

4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

 

            Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

· Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;

· Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;

· Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;

· Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;

· Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);

· Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 

· Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

 

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі өтінішті толтыруыңыз сұралады

« № 31 қазақ орта мектебі» КММ

директоры Жумагулов Б.Д.

__________________________________________

__________________________________________

(өтініш берушінің аты-жөні)

тұратын жері: ________________________

                                                                                                _________________________                                                                                                                                 (көше, үй, пәтер)

 

                                                                     Өтініш

 

Мен,________________________________________________________________________________

№___________________________________________________________________________________

                                                               (жеке куәліктің №,  қашан, кіммен берілген )

     « № 31 қазақ орта мектебі» КММ -нің қамқоршылық кеңестің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (білім Министрінің бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123, ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығы) бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.

                                                                                                                                     

                                                                                               

                 

                                                                                _______________________

                                                                                              (тегі, аты- жөні)

_______________                                                                                                                                                 (қолы)

« ____ »___________2025ж